«Астанаэнергосервис» АҚ компания топтарының қызметкерлері энергияны үнемдеу бойынша біліктілікті жоғарлату курсынан өтті

«Астанаэнергосервис» АҚ компания топтарының қызметкерлері 2016 жылдың 22 тамызынан бастап 02 қыркүйек аралығында Қазақстан Республикасының Ұлттық экономикалық министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істер комитеті «Тұрғын үй-комуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ ұйымдастырған «Энергоменеджмент, энергоаудит, тұрғын үй шаруашылығында энергияны үнемдеу» тақырыбында біліктілігін жоғарлату курсынан өтті.

«Green Orda Project» ЖШС оқу корпусында өткен курсқа «Астанаэнергосервис» АҚ, «Астана-Энергия» АҚ, «Астана-Теплотранзит» АҚ, «Астана-АЭК» АҚ және «Астанинская Энергосбытовая Компания» ЖШС энергияны үнемдеу бойынша мамандар қатысты.

Оқу бағдарламасына сәйкес «Астанаэнергосервис» АҚ компания топтарының мамандары энергоаудит өткізу әдістемесі, энергоменеджмент, энергияны үнемдеу саласында ҚР нормативті-құқықтық база бойынша теориялық курс тыңдалды, сондай-ақ энергоаудитті өткізу кезінде қолданылатын өлшегіш құралдармен таныстырылды. Курстың өздік жұмысына жүзеге асырылатын энергияны үнемдеу іс-шараларынан ғимараттың энергетикалық паспорты мен экономикалық әсерлерді.