24.02.2016

Астанада энергия көздерінің ауқымды жаңарту жұмыстары өткізілуде

Екі жылдың ішінде Астана автономды қазандықтар мен жеке меншік секторды – 22 мыңнан астам үйді – газбен жылытуға көшіреді. Бұл шаралар елорданың атмосфералық ауасының сапасын жақсарту бойынша іс-шаралардың екі жылдық кешенді жоспары аясында қабылданады. Бұл туралы сәрсенбі күні, 24 ақпанда Астана әкімі Әділбек Жақсыбековтің халықпен есеп беру кездесуі барысында айтылды.

10.02.2016

Елордалық энергокешендер отынмен толық қамтамасыз етілген

Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Астана қаласы әкімінің орынбасары Қосман Айтмұхаметовтың қатысуымен «2015-2016 ж.ж. жылыту маусымының өту барысы және энергия көздерінің даму болашағы туралы» тақырыбында брифинг өтті.

10.02.2016

2016 жылы елорданың электр энергетикалық нысандары жөнделеді

Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында Астана қаласы әкімінің орынбасары Қосман Айтмұхаметов «Астана-АЭК» АҚ электрмен жабдықтау ұйымының инвестициялық бағдарламасы аясында 103 тарату бекеті мен 10 кВ трансформаторлық аралық станциялар күрделі жөндеуден өткізілетінін мәлім етті.

10.02.2016

Биыл елорданың энергокешенінің жабдықтарын жаңғырту жұмыстары жалғасады

Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында Астана қаласы әкімінің орынбасары Қосман Айтмұхаметов елорданың энергокешенінің жабдықтарын жаңғырту мәселесіне тоқталды.

12.11.2015

Астанада Біріңғай төлем құжаты жүйесі енгізілді

Астанада ағымдағы жылдың қазан айынан бастап Біріңғай төлем құжаты жүйесі енгізілді. Жаңа құжат «Астанаэнергосбыт» ЖШС мен «Астана-ЕРЦ» ЖШС қызметтерінің түбіртектерін біріктіреді. Қазіргі заманғы төлем жүйесі барлық коммуналдық төлемдерді бір түбіртек арқылы өтеуге мүмкіндік береді, уақыт пен комиссия шығыстарына қаржыны үнемдейді.

23.12.2015

Елордада үздік энергетиктер марапатталды

Қазақстанда желтоқсан айының әрбір үшінші жексенбісінде Энергетиктер күні аталып өтіледі. Бүгін елордалық ірі кәсіпорындардың бірі – «Астана-РЭК» АҚ ғимаратында энергетика саласының үздіктерін марапаттау салтанаты өтті.

18.09.2015

Астана жылыту маусымына дайын

Бүгінгі таңда Астананың энергетикалық кешені жылыту маусымына толық дайын. Бұл туралы «Астана-Энергия» АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары Олег Уткин мәлім етті.

10.09.2015

«Астана-РЭК» АҚ көрсетілетін қызмет сапасын арттырады

«Астана-РЭК» АҚ объектілерінде елорданың электр энергетикалық нысандарын жаңғырту бойынша инвестициялық бағдарламаларды орындаумен танысуға мүмкіндік беретін баспасөз туры өтті.

09.09.2015

ТМРБҚК Астана қ. бойынша Департаменті «Астана-АЭК» АҚ мен бірлесіп Баспасөз-турын өткізді

2015 жылғы 9 қыркүйекте ҚР ҰЭМ ТМРБҚК Астана қаласы бойынша департаменті Астана қалалық «Нұр Отан» партиясының, Астана қаласы маслихаты депутаттарының, қаланың Кәсіпкерлер палатасының өкілдері, «Тұтынушылардың құқығын қорғау «Әділет» қоғамы» ҚБ, мемлекеттік органдардың өкілдері мен бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуымен инвестициялық бағдарламалар мен активтердің жаңғыртылуын орындау мақсатында «Астана-АЭК» АҚ объектілері бойынша пресс-тур өткізуді бастамашылық етті.

09.09.2015

Эксперттік топ мүшелері «Астана-АЭК» АҚ ұйымдастырған баспасөз-туріне қатысты

Бүгін «Нұр Отан» партиясының «Жасыл экономика» бағытындағы эксперттік топ мүшелері «Астана-АЭК» АҚ объектілері бойынша баспасөз-туріне қатысты.

Басқарма төрағасының блогы







Сайт бойынша іздеу