22.12.2017

Энергетик күні

Бүгін, атаулы күні, Энергетик күнін «Астанаэнергосервис» АҚ еншілес кәсіпорындарының қызметкерлері атап өтуде – аға буын өкілдерінің еңбек дәстүрлерін құнттап сақтайтын және соған үлес қосатын, инновациялық шешімдерді өндірісте енгізетін, заманауи жабдықтарды игеріп, тұрақты түрде жылу және электрмен жабдықтауды қамтамасыз ететін жоғары білікті мамандардың кәсіби мерекесі.

Салтанатты кеш иелерінің басым бөлігі өзінің кәсіби мерекесін өз жұмыс орындарында өткізуде, себебі сенімді жылу және электрмен жабдықтау энергетиктер жұмысындағы ең басты міндет болды және болып қала береді.

Астана қаласы әкімінің орынбасары Қосман Айтмұхаметов және Астана қаласының энергетика басқарма басшысы Бақтыбек Жапаев бүгінгі күні «Астана-Энергия» АҚ, «Астана-АЭК» АҚ және «Астана-Теплотранзит» АҚ барып құттықтады. Өзінің құттықтау сөздерімен энергетика кәсібінің маңыздылығын атап өтіп, Астана қаласы әкімдігі атынан құрмет грамоталарымен қызметкерлерді марапаттады.

Қазақстан Электрэнергетикалық қауымдастық төрағасы, Шаймерден Оразалинов, энергия кешен мамандарын құттықтап, «Қазақстан Электрэнергетикалық Қауымдастығының құрметті энергетигі» атағымен төсбелгілер тапсырды.

«Ең үздік жұмысшы», «Жас энергетик» және басқа да грамоталармен «Астанаэнергосервис» АҚ еншілес ұйымдардың бірінші басшылар өз қызметкерлерін марапаттады.

Мерекелік іс-шаралар концерттік нөмермен өз жалғасын тапты.

Басқарма төрағасының блогы







Сайт бойынша іздеу