15.12.2017

Астана қаласы әкімі "Астанаэнергосервис" АҚ және "Астана-Энергия" АҚ бірінші басшыларын марапаттады

Бүгін Астана қаласы әкімі Әсет Өрентайұлы Исекешев "Астанаэнергосервис" АҚ және "Астана-Энергия" АҚ бірінші басшыларына мемлекеттік марапаттар табыс етті .


«Астана-Энергия» АҚ басқарма төрағасы Еркеғали Есенжолов «Парасат» орденімен марапатталды.

«Астанаэнергосервис» АҚ Басқарма төрағасы Ардақ Тиес «Құрмет» орденімен марапатталды.


«Парасат» және «Құрмет» ордендері Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен 1993 жылы белгіленген.

“Парасат” орденімен ғылым мен мәдениет, әдебиет пен өнер қайраткерлері, сондай-ақ республиканың рухани және интелектуалдық әлуетін дамыту мен молайтуға зор үлес қосқан немесе адам құқықтарын және оның әлеуметтік мүдделерін қорғау жөніндегі белсенді қызметі үшін азаматтарды марапаттайды.

«Құрмет» орденімен экономиканы, әлеуметтік саланы, ғылым мен мәдениетті, білімді дамытуға еңбек сіңірген қайраткер азаматтар марапатталады.

Басқарма төрағасының блогы







Сайт бойынша іздеу