15.12.2017

«Астанаэнергосервис» АҚ командасы 2017 маусымдағы Спартакиадасында кубокты иеленді

2017 жылғы 14 желтоқсан күні Астана қаласының энергия кешен және коммуналдық кәсіпорындар арасында ІІІ Спартакиаданың ресми жабылуы өткізілді. Осы жылы жарысты «Астана су арнасы» МКК ұйымдастырды.

«Астанаэнергосервис» АҚ командасы 2017 маусымдағы жыл сайынғы Спартакиадасында белсенді қатысқаны үшін бөлек кубокты иеленді.

Осы маусымның сөзсіз басты жеңімпазы, жалпы командалық бас жүлде иегері «Астана-Энергия» АҚ команда қатысушылары болды. Екінші орынды «Астана Су Арнасы» МКК иеленді. Ал үшінші орын иегері - «Астана-АЭК» АҚ.

Волейбол бойынша бас жүлдені «Астана-Энергия» АҚ өкілдері алды. Екінші орын - «Астана су Арнасы» МКК. Үшінші орын – «Астана-Тазалық» ЖШС.

Кіші-футбол бойынша бірінші орын иегері «Астана-Энергия» АҚ. Екінші орын - «Астана су Арнасы» МКК. Үшінші орын – «Астана-АЭК» АҚ.

Бильярд бойынша бірінші орынды иеленген «Астана-АЭК» АҚ. Екінші орын – «Астана-Тазалық» АҚ. Үшінші орын – «Астана Су Арнасы» МКК.

Бірінші орын үстел теннисі бойынша «Астана-Энергия» АҚ. Екінші орын – «Астана Су Арнасы» МКК. Үшінші орын – «Астана-АЭК» АҚ иеленді.

Шахмат бойынша бірінші орынды «Астана-Энергия» АҚ қатысушылары иеленді. Екінші орынды – «Астана Су Арнасы» МКК. Үшінші орын - «Астана-АЭК» АҚ иеленді.

Дойбы ойнау бойынша бірінші орынды «Астана-Энергия» АҚ қатысушылары ие болды. Екінші орын –«Астана Су Арнасы» МКК. Үшінші орын – «Астана-АЭК» АҚ иеленді.

Энергия кешен ұйымдары мен коммуналдық кәсіпорындар басшылары жеңімпаздарға кубоктар, дипломдар және ақшалай сыйақы беріп құттықтады.

«Астана су Арнасы» МКК бас директоры Зейнулқабден Табиғат Қабденұлы ауыспалы жалаушаны «Астана-АЭК» АҚ басқарма төрағасы Павлов Александр Владимировичке табыстады. Бұл дегеніміз, келесі Спартакиада энергетикалық компания спорт залында өткізілетіндігінің айғағы.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 26 жылдығына арналған, жыл сайынғы Спартакиада ағымдағы жылдың 8 қарашасынан 14 желтоқсан аралығында Астана қаласында энергия кешен ұйымдары мен коммуналдық кәсіпорындар арасында өткенін естеріңізге сала кетейік.
Іс-шара мақсаты: салауатты өмір салтын ұстану, кәсіпорын қызметкерлерін адамгершілік және дене шынықтыру шыдамдылығын қалыптастыру, қызметкерлер арасында жалпы-спорттық және сауықтыру-дене шынықтыру жұмыстарының деңгейін анықтау.

Жарыс спорттың 6 түрі бойынша жарыс өткізілді:
-волейбол;
-кіші-футбол;
-үстел теннисі;
-шахмат;
-дойбы ойнау;
-бильярд

Басқарма төрағасының блогы







Сайт бойынша іздеу