13.12.2017

Директорлар кеңесінің отырысы

«Астана-Теплотранзит» АҚ-да 2017 жылғы 12 желтоқсанда Директорлар кеңесінің отырысы өткізілді.

Директорлар кеңесі мүшелері отырысында «Астана-Теплотранзит» АҚ қызметін реттеуші маңызды мәселелер қатары талқыланды.

Кездесу шеңберінде Директорлар кеңесінің шешімімен «Астана-Теплотранзит» АҚ Басқарма құрамына Руслан Аралбай тағайындалды.

Аралбай Руслан Александрұлы 2016-2017 жылдары «Астана-Энергия» АҚ тарифтік саясат және бюджет бөлімінде жетекші экономист және бастығы лауазымдарын атқарды.

2004-2016 жылдары монополияға қарсы ведомства, ҚР ҰБ Проблемалық несиелер қорында, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ еңбек қызметін жүзеге асырды.

2017 жылғы 13 желтоқсаннан бастап «Астана-Теплотранзит» АҚ басқарма төрағасының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары болып тағайындалды.

Басқарма төрағасының блогы







Сайт бойынша іздеу