30.11.2017

«Астанаэнергосервис» АӨ өкілдері «Германияда энергетикалық сала кәсіпорындарында энергия тиімділік технологиялар» тақырыбында Қазақстанның энергетиктер тобы тағылымдамасынан өтті

Германия, ең ірі дамыған еуропалық мемлекеттермен қатар, энергетикалық ресурстардың негізгі тұтынушысы болып табылады. Алайда, географиялық жағдай өз шикізатының жетіспеушілігін және импорттың қажеттілігін тудырады. Германияда қандайда бір пайдалы қазбаларыдың үлкен қоры жоқ.

Германияның табиғи ресурстарының елеулі бөлігін импорттайды. Өз ресурстарына байланысты Германияның газ сұранысын тек төрттен бір бөлігі ғана қамтуы мүмкін.

Шикізаттың жетіспеушілігінен және экологиялық талаптарды ескере отырып, ГРФ энергияны үнемдеу және ұтымды пайдалану үшін белсенді шаралар қабылдайды. Жоспарға сәйкес, ұзақ мерзімді болашақта электр энергиясының қажеттіліктерін 50% -дан астам қамтуы тиіс жаңғырмалы энергия көздерін пайдалануды осында қосу қажет.

20-30 қараша аралығында Тюбинген қаласында (Германия) «Германияның энергетикалық саласындағы кәсіпорындарда энергия тиімділігі технологиялар» тақырыбында Қазақстан энергетиктері топтарының тағылымдамасы өтті. «Астанаэнергосервис» АҚ энергетикалық компания өкілдері жаңа мүмкіндіктерді қабылдап, тәжірибе алмасуға ниет білдірді. Танымдық кездесуді Баден-Вюрттемберг және Steinbeis Global Institute Tübingen Экспорт Академиясы ұйымдастырды.

Мастер-кластың қызықты бағдарламасында неміс энергетикалық компания өкілдерімен кездесу өткізілді.

Қатысушыларға дәріс оқылып, келесідей әртүрлі тақырыптарды талқылады:
- Industrie 4.0 мәнмәтіндегі кәсіпорындарды стратегиялық басқару;
- Өндірісте инновациялық технологияларды енгізудің тиімді әдістері;
- Компаниялардың мега-трендті үлгісінде инновацияларды енгізу тәсілдері;
- IMLead біріктірілген менеджмент моделі;
- Германиядағы энергетикалық өркендету, энергия жүйесінің жаңғырмалы көздермен өзара әрекеті;
- Сондай-ақ қатысушылар артық энергияны сақтаудың жаңа әдістемесімен таныстырды.

Тағылымдама шеңберінде қаланың және Тюбинген Stadwerke Tubingen қала орталықтары электр мен жылу энергиясының жеткізуші және бас операторы, Energy Management System, ENERCHART компания директорларымен нәтижелі кездесулер өткізілді.

Тағылымдама қатысушылары кәсіпорын жұмысымен, энергияны жабдықтау және қоршаған ортаны қорғау процесстерімен танысқан Мангейм ең ірі электростанциясына барды. Сондай-ақ, Fichtner Engineering & Consulting, MicrobEnergy Promatis GmbH компания топтарының жұмыстарымен танысты.


Тағылыдама нәтижесі бойынша жұмыс тобы ұсыныстар құрып, алған тәжірбиені қолдану бойынша іс-шаралар жоспарын әзірледі.

Басқарма төрағасының блогы







Сайт бойынша іздеу