30.11.2017

Жылу энергиясын беру мен үлестіру тарифін азайту туралы «Астана-Энергия» АҚ және «Астана-Теплотранзит» АҚ

«Астана-Энергия» АҚ және «Астана-Теплотранзит» АҚ Астана қаласы әкімдігінің ұсыныстарын назарға ала отырып, тұтынушыларға тарифтердің жиі өзгеру факторларының әсері етуін , сондай-ақ тарифтік саясат пен теңгерім мүддесінің тұрақтандыру қажеттігін түсінуді ескере отырып, 2018 жылғы 1 қаңтардан 30 маусым аралығында жылу энергиясын өндіру, беру және үлестіруге тарифтері төмендету туралы шешім қабылдады.

Уәкілетті органның (Астана қаласының ТМРКД) 2017 жылғы 21 қарашадағы №151-НҚ бұйрығымен 2018 жылғы 1 қаңтардан 2022 жылғы 31 желтоқсан аралығында 5 жылдық әрекет ету мерзімімен «Астана-Энергия» АҚ жылу энергиясын өндіру бойынша тарифтің шекті деңгейі бекітілді:

2018 жыл – 1 777 теңге/Гкал (ҚСҚ есебінсіз);

2019 жыл – 1 860 теңге/Гкал (ҚСҚ есебінсіз);

2020 жыл – 1 892 теңге/Гкал (ҚСҚ есебінсіз);

2021 жыл – 1 914 теңге/Гкал (ҚСҚ есебінсіз);

2022 жыл – 1 980 теңге/Гкал (ҚСҚ есебінсіз).

Уәкілетті органның (Астана қаласының ТМРКД) 2017 жылғы 29 қарашадағы № 161-НҚ 2016 жылғы 1 қаңтардан 2020 жылғы 31 желтоқсан бойынша 5 жылдық әрекет ету мерзімімен «Астана-Теплотранзит» АҚ жылу энергиясын беру мен үлестіру тарифінің шекті деңгейі бекітілді:

2016 жыл – 1 070 теңге/Гкал (ҚСҚ есебінсіз);

2017 жыл – 1 131 теңге/Гкал (ҚСҚ есебінсіз);

2018 жыл – 1 204 теңге/Гкал (ҚСҚ есебінсіз);

2019 жыл – 1 277 теңге/Гкал (ҚСҚ есебінсіз);

2020 жыл – 1 346 теңге/Гкал (ҚСҚ есебінсіз).

Сонымен қатар, 2018 жылдың 1-жартыжылдығында «Астана-Энергия» АҚ 1 745,63 теңге/Гкал ( бекітілген 1 777,14 теңге/Гкал) дейін жылу энергиясын өндіруге тарифті азайту туралы және «Астана-Теплотранзит» АҚ 1 131 ,39 теңге/Гкал (бекітілген 1204,46 теңге/Гкал) дейін жылу энергиясын беру мен үлестіруге тарифті азайту туралы шешім қабылдады.

Осыған орай, Астана қаласының тұтынушылары үшін жылу энергиясын өндіру және беру бойынша тарифтер 2018 жылдың бірінші жарты жылдығында 2017 жылғы деңгейде қолданылатын болады.

Тарифтерді төмендету нәтижесінде 2018 жылдың 6 айы ішінде толығымен алынбаған кіріс «Астана-Энергия» АҚ үшін 112 млн.теңге, «Астана-Теплотранзит» АҚ үшін - 220 млн.теңгені құрайды.

Реттелетін қызмет бойынша кірістердің төмендеуі басқа қызметтен түскен табыстар есебінен өтеу, сондай-ақ шығыстарды оңтайландыру жоспарлануда.

Аталған компаниялар кірістері бөлігінің төмендеуі 2018-2022 жылдардағы инвестициялық бағдарламаларды орындауға әсер етпейтінін атап өткен жөн.

«Астана-Энергия» АҚ мен «Астана-Теплотранзит» АҚ өз қызметін қала тұтынушыларының мүдделеріне сай жүзеге асырады, шығыстарды оңтайландыру және тарифтердің өсуін кідірту бойынша жұмыстар жүргізеді, сондай-ақ тұтынушылармен, бұқаралық ақпарат құралдарымен, қоғамдық ұйымдармен және Уәкілетті органдармен мәселелерді талқылау кезінде ашықтық пен айқындық ұстанымдырын басшылыққа алады.

Басқарма төрағасының блогы







Сайт бойынша іздеу