16.11.2017

Астана энергия кешенінің ең басты активі

«Астанаэнергосервис» АҚ басқарма төрғасы Ардақ Тиес «Астанаэнергосервис» АҚ басшылығындағы энергетикалық ұйымдардың еңбек ұжымдары жұмысшылар кәсібі өкілдерімен бейресми жағдайда кездесті.

Әрбір жұмысшының қолын алып, әрқайсысының энергия кешенінің негізгі активі болып табылатынын айтты.

Басқарма төрағасы Астана энергия кешенінің даму жоспарымен ой бөлісті, өз кезегінде жұмысшылар өздерін қызықтырушы сұрақтарды қойып, басшылықтың қарастыруына мәселені енгізді.

Кездесу шеңберінде «Astana Marathon 2017» күміс жүлдегерлері марапатталды:
- Ихинбаев Дәурен Бекболатұлы – «Астана-Энергия» АҚ электр техникалық зертхана шебері;
- Мұстафинов Бақтияр Жаңабайулы – «Астана-Энергия» АҚ Ақпараттық технологиялар және байланыс бөлімінің электрмонтері;
- Наргелов Нұрқанат Ердалыұлы – техник производственно-технического отдела, АО «Астана-Энергия»;
- Хафизов Рустем Альбертович – «Астана-Энергия» АҚ жылу автоматикасы мен өлшемдер цехінің электрслесарі.

Басқарма Төрағасының жұмысшылармен кездесуі «Астанаэнергосервис» АҚ-да жақсы дәстүрге айналатын басшылар мен жұмысшылардың тікелей кері байланысының реттеу үшін және ішкі коммуникацияларды нығайтудың бірегей алаңы болып табылады.

Басқарма төрағасының блогы







Сайт бойынша іздеу