20.11.2017

Директорлар кеңесі отырысы

«Астана-Энергия» АҚ 2-ЖЭО аумағында 2017 жылғы 17 қарашада Директорлар кеңесінің отырысы өткізілді. Директорлар кеңесінің екі тәуелсіз мүшелері Джона Аббас және Навида Исмаил (халықаралық деңгейдегі шақыртылған сарапшылар) компанияны басқарушы органмен алғаш рет кездесу болды.

Директорлар кеңесі мүшелерінің отырысында Астананың әрбір үйін жылытатын және жарық беретін жылу мен электр энергиясын өндіру жоспарлары үшін аса маңызды стратегиялық мәселелер қатарын талқылады.

Директорлар кеңесінің отырысы шеңберінде:
- техникалық қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауды қамтамасыз ету үшін нақты нұсқаулар берілген;
- қысқы маусымда кәсіпорын дайындығы туралы ақпарат қабылданды;
- 2018 жылғы даму жоспарының негізгі көрсеткіштері бекітілді;
- 392 г / кВтс-тан 385 г / кВтс-қа дейін электр энергиясын жіберуге шартты отынның сыбағалы шығысын азайту туралы және 164,64 кг / Гкал-дан 160,0 кг/Гкал-ға дейін жылу энергиясын жіберуге шартты отынның сыбағалы шығысын азайту туралы шешім қабылданды;
- ЖЭО басшылығына кәсіпорын қызметінің тиімділігін арттыру бойынша жұмысты жалғастыру міндеті қойылды;
- «Астана Энергия» АҚ барлық қызметкерлеріне еңбек жалақысын 10% ндекстеу бекітілді;
- «Астана-Энергия» АҚ Басқарма құрамына Директорлар кеңесімен Мәди Әбіш тағайындалды.

Мәди Уақасұлы 1983 – 2017 жылдары «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС, «Қазақмыс корпорация» ЖШС және «Караганда Энергоцентр» ЖШС қызмет атқарды.
2017 жылғы қыркүйектен бастап 2017 жылғы 17 қараша аралығында – «Астанаэнергосервис» АҚ өндіріс жөніндегі орынбасары .
2017 жылғы 20 қарашадан бастап «Астана-Энергия» АҚ бірінші орынбасары болып тағайындалды.

«АҚШ электр энергетикалық секторында нарық және бәсекелестік» USAID сертификаты бар. Вирджиния универститеті (АҚШ) AES дамушы басшыларының біліктілігін жоғарлату бағдарламасы бойынша сертификат.

«ҚР Еңбегі сіңген энергетик», «ТМД елдеріне еңбегі сіңген энергетик», Ресей РАО ЕЭС төсбелгісімен марапатталған.

Басқарма төрағасының блогы







Сайт бойынша іздеу