27.09.2017

Астана қаласында жылыту маусымы басталып кетті.

26.09.2017 ж. Астана қаласының әкімдігі қаулысына сәйкес астанамызда жылыту маусымы бүгін, 27 қыркүйекте басталады.

Астана қаласындағы жылыту маусымына дайындық және оны өткізудің бекітілген қағидасына сәйкес тұтынушыларды жылумен жабдықтауға қосу келесідей кезектілік ретімен жүзеге асырылады:

Бірінші кезекте жылумен жабдықтауға емдеу, мектеп мекемелері, балабақшалар, кәсіби мектептер, әлеуметтік-медециналық мекемелер қосылады.

Екінші кезекте – тұрғын –үй ғимараттары, жатақханалар, қонақүйлер.

Бұдан әрі әкімшілік ғимараттар, оқу мекемелері, театрларды қосады.

Жылыту маусымының басталуына орай барлық объектілердің жылыту маусымына дайындық бойынша орындалған жұмыс актісіне сәйкес ресімделген техникалық даярлық паспорты болуы тиіс. Даярлық паспорты тұтынушылар объектілеріне жылуды беруге рұқсат беретін құжат болып табылады. Даярлық паспорты «Астана-Теплотранзит» АҚ бекітіледі.

Жақын арада барлық қала жылыту жүйесіне қосылатын болады. Алғашқы уақытта сыртқы ауа температурасы күзгі ауа-райы болғандықтан батареялар жылы болады. Жылу беру Астана қаласының тұрғындары үшін жайлы жағдай қамтамасыз ету үшін сыртқы ауаға сәйкес шығарылады. Жылытуға есеп жылыту берген күннен бастап есептеу құралы бойынша жүргізілетін болады.

Басқарма төрағасының блогы







Сайт бойынша іздеу