06.05.2016

«Астанаэнергосервис» АҚ энергоменеджерлер бөлімшесі құрылды: мақсаттары мен алғашқы нәтижелері

Энергияны үнемдеу мен энергия тиімділігін жоғарлату мәселелері Астана қаласының энергетикалық кешен кәсіпорындарының қызметтеріндегі негізгі бағыт болып табылады. Соңғы жылдары «Астанаэнергосервис» АҚ компания топтарының кәсіпорындарымен осы бағытта үлкен жұмыстар атқарылды. Алайда, еліміздің бас қаласы үлкейіп келеді, өмірмен қамтамасыз етудің жаңа нысандары енгізілуде, халық саны да өсіп, энергия қорларын қалалық тұтынудың ұлғаюына әкеп соғады. Сондықтан, энергияны сақтау және энергия тиімділігін жоғарлату саласында, үздік тәжірбиелерді, әдістемелерді, сонымен қатар халықаралық тәжірбиелерді қолдануды ескере отырып, жұмысты әрі қарай жетілдіру қажет.

2016 жылдың қаңтар айында Астана қаласы әкімдігі шешімімен «Астанаэнергосервис» АҚ-да «Астана-Энергия» АҚ, «Астана-Аймақтық Электржелілік Компания» АҚ, «Астана-Теплотранзит» АҚ, «Астанинская ЭнергоСбытовая Компания» ЖШС, «Астанаэнергосервис» АҚ энергоменеджерлер-мамандары құрамына кірген энергоменеджерлер бөлімшесі құрылды. Бөлімшенің негізгі міндеті, 2016-2020 жылдардағы Астана қаласының энергияны үнемдеу мен энергия тиімділігін жоғарлатудың Кешенді жоспарын әзірлеуге қатысу, сонымен қатар мониторинг және жүзеге асыру болып табылады.

Бүгінгі таңда «Астана қаласы әкімдігінің Энергетика басқармасы» ММ бірлесе отырып, энергоменеджерлермен 2016-2020 жылдардағы Астана қаласының энергияны үнемдеу мен энергия тиімділігін жоғарлатудың Кешенді жоспарын әзірлеуге техникалық тапсырма әзірленіп, мемлекеттік сатып алу конкурсына хабарландыруды рәсімдеу орындалуда.

Кәсіби деңгейін жоғарлату мақсатында энергоменеджерлер «Энергоменеджмент» бағыты бойынша біліктілікті жоғарлату мен қайта дайындау курстарында оқытылып, Қазақстан Республикасы Инвестиция және даму министрлігі, сонымен қатар БҰҰДБ және USAID сынды халықаралық институттары құрған сұхбат алаңдарында мәселелерді талқылауға белсене қатысты.

Атап айтқанда, энергоменеджерлер:

- «Қалада энергияны үнемдеуді кешенді жоспарлау: ең үздік тәжірбиелер мен әдістемелер» семинары;

- «Кіші және орта бизнесті кәсіпорындарда және бюджеттік секторда энергия тиімділігін жоғарлату және энергияны үнемдеу бойынша жобаларға инвестицияны қатыстыру» дөңгелек үстеліне және халықаралық конференцияға;

- «Орталықтанған жылумен жабдықтау инновациясы және мәселелері» семинары;

- «2016 Финдік энергетикалық күн» форумы;

- «Энергетика, Электротехника және Энергетикалық машинақұрылғы» 6-ы Қазақстандық халықаралық көрмесіне;

- Қазақстандық энергоаудиторлар қауымдастығының энергоаудит жөніндегі семинар;

- «Қазақстан Республикасында энергия тиімділігін жоғарлату және энергияны үнемдеу» семинарына белсенді қатысты.

Осы алаңда энергоменеджерлер инновациялық энергия үнемдеу технологиялар мен шешімдер, энергия тиімділігін дамытудың халықаралық беталысы, сонымен қатар өзінің біліктілігін жоғарлатумен таныса алды.

Энергоменеджерлердің негізгі назары қаланың энергия кәсіпорындары қызметкерлері, сонымен бірге серіктестіктер арасында энергияны үнемдеуді насихаттауға және біліктілікті жоғарлатуға бөлінуде. Энергияны үнемдеу мақсаттары мен ұстанымдарының қажеттілігін түсіну қойылған міндеттердің шешіміндегі жөнелтілетін орны болып табылады. Сондықтан, сұхбат алаңында алынған ақпараттар жұмыста іздену мен басшылыққа алу үшін кәсіпорындардың ресми саиттарында жарияланатын болады. Әзірленген медиа-жоспарға сәйкес, «Астанаэнергосервис» АҚ компания топтарының сайтында энергияны үнемдеу бойынша тарауларды құру, сонымен қатар кәсіпорындардың ақпараттық стендіде ақпараттарды жариялау жоспарлануда.

2016-2020 жылдардағы Астана қаласының энергия тиімділігін жоғарлату мен энергияны үнемдеудің кешенді жоспарын әзірлеу шеңберінде энергоменеджерлермен «Астана-Энергия» АҚ, «Астана-Аймақтық Электржелілік Компания» АҚ, «Астана-Теплотранзит» АҚ энергия тиімділігін жоғарлату мен энергияны үнемдеу бағдарламасын әзірлеу жүзеге асырылады.

Энергоменеджерлер бөлімшесінің негізгі мақсаттары энергия қорларын тұтыну тиімділігін жоғарлату және энергияны үнемдеу мәселелерінде Астана қала халқының білім деңгейін жоғарлату болып табылатындығын атап айтқан жөн.

Басқарма төрағасының блогы







Сайт бойынша іздеу