02.06.2016

«Астанаэнергосервис» АҚ дөңгелек үстелде мемлекеттік-жеке серіктестік механизмдері мен энергосервистік шарттар талқыланды

Ағымдағы жылдың 31 мамырында «Астанаэнергосервис» АҚ «Электр энергетикасын дамыту және энергияны үнемдеу институты» АҚ, «Қазақстандық мемлекеттік-жеке серіктестік орталығы» АҚ, БҰҰДБ/ҒЭҚ өкілдерінің, «KazCes» ЖШС директорының, сонымен қатар Астана қаласының энергетикалық кешен кәсіпорындарының өндірістік-техникалық, заң және экономикалық бөлім бастақтарының қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстел барысында «Электр энергетикасын дамыту және энергияны үнемдеу институты» АҚ және «Қазақстандық мемлекеттік-жеке серіктестік орталығы» АҚ энергияны үнемдеу және энергия тиімділігі, сонымен қатар мемлекеттік-жеке серіктестік механизмдері мен энергия желілік шарттар аумағындағы мемлекеттік саясат «Астанаэнергосервис» АҚ компания топтарына түсіндірілді.

Қазақстан Республикасындағы энергия тиімділігін жоғарлатуға кедергі келтіретін негізгі себептер энергияны үнемдеу шараларын қаржыландыру көздерін анықтау болып табылады. Сонымен қатар, жіті оқуды талап ететін мемлекеттік-жеке серіктестік және энергосервистік шарттарды, мемлекеттің құрған қаржыландыру механизмдері бірінші жоспарда тұрады.

Табиғи монополиялардың субъектілерінің механизмді қолдануы, Мемлекеттік энергетикалық тізілімнің аса ірі субъектісі болып табылатындықтан ЖІӨ төмендету бойынша мақсатты индикаторға қол жеткізу үшін анықтаушы фактор болып табылады.

Дөңгелек үстел қатысушылары табиғи монополия субъектілері үшін мемлекеттік-жеке серіктестік және энергия қызметінің механизмдерін қолдану мәселесін: энергосервистік шарттарының тұжырымдамасын әзірлеуші - Қазақстан Республикасы Инвестиция және даму министрлігі, Табиғи монополияларды реттеу жөніндегі агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті, уәкілетті органдармен қосымша талқылауды қажет екендігі туралы шешім қабылдады.

Энергетика нысандарынының құрылысы мен қайта салу үшін мемлекеттік-жеке серіктестік механизмдерін қолдану, сонымен қатар табиғи монополия субъектілерінің энергосервистік қызмет көрсетуін дөңгелек үстел қатысушыларымен «Астанаэнергосервис» АҚ компания топтарының мекенжайында барлық мүдделі талаптардың қатысуымен, 2016 жылдың маусым айында кезекті жиналыста қарастыру туралы шешім қабылданды.

Басқарма төрағасының блогы







Сайт бойынша іздеу