01.06.2016

2016-2017 жж. жылыту маусымына дайындық іс-шаралары аясында Астана қаласының энергетикалық кешені кәсіпорындарының жүргізетін жөндеу жұмыстары туралы баспасөз-релиз

Жылыту маусымының аяқталуы астананың энергетиктерінің тынығатын кезеңі емес. Алда кезектегі жылыту маусымы тұрғандықтан, жазғы маусым жөндеу бағдарламасын жүргізу жөніндегі жауапты жұмыстың басталу кезеңі. Ал бас қаланы энергия ресурстарымен және технологиялық жабдықтың үздіксіз жұмысымен қамтамасыз етудегі маңызды орынды энергетикалық жабдықты жаңғырту мен жаңарту алады.

2016-2017 жылдардағы алдағы жылыту маусымына дайындық аясында Астана қаласының энергетикалық кешені бекітілген кестеге сәйкес жұмыс режимінде электржелілік объектілерді, жылу магистралдерін жаңғырту және қайта жаңартуды, ескірген жабдықты ауыстыруды, проблемалық учаскелерде жөндеу жұмыстарын жүргізуде.

«Астана-Энергия» АҚ 1-ЖЭО жөндеу бағдарламасы аясында № 2, № 3, № 4 станциялардың қазандық агрегаттарына кеңейтілген және ағымдағы жөндеу, сондай-ақ № 6 ст. қазандық агрегатына күрделі жөндеу жұмыстары жоспарланды.

2-ЖЭО-да 2016 жылдың 26 мамырындағы жай-күй бойынша № 3 ст. қазандық агрегатына күрделі жөндеу (орындалғаны 35%), № 1 ст. (орындалғаны 90%) және № 2 ст. (орындалғаны 905%) КВ-Т-139-6-150 маркалы қазандық агрегатына күрделі жөндеу бойынша жұмыстар орындалуда. Кәсіпорында № 9 ст. қазандық агрегатына кеңейтілген ағымдағы жөндеу бойынша жұмыстар аяқталды.

Одан өзге, кәсіпорында № 6 ст. және № 1 ст. БКЗ-420-140-5 маркалы қазандық агрегатына ағымдағы жөндеу, № 3 ст. және № 4 ст. КВ-Т-139-6-150 маркалы қазандық агрегатына кеңейтілген ағымдағы жөндеу аяқталды. № 1 ст. турбинасы бойынша жөндеу жұмыстарының орындалуы 100% құрады.

2016-2017ж.ж. «Астана-АЭК» АҚ жөндеу бағдарламасына 3-бағыт бойынша жұмыстар кірді: күрделі жөндеу, техникалық қызмет көрсету және инвестициялық бағдарлама аясындағы жұмыстар. Іс-шараны орындау үшін 19-бригада және 9-бірлік арнайы техника тартылды: 2-жартылай тіркеме, 3-АГК, 2-ор бұрғылаушы және 2-автокран.

«Астана-АЭК» АҚ күрделі жөндеу жоспарына сәйкес 2016 жылы 48-үлестіру пункті және 10-0,4кВ трансформаторлы шағын станция жабдықтарын жөндеу, 112-үлестіру және 10/0,4 кВ трансформаторлы шағын станция ғимаратына, сондай-ақ ұзындығы 25,6 км (10кВ), 24,81 км (0,4кВ), 47,269 км (110кВ) әуе электр жеткізу желісін жөндеу жоспарланған.

110/10кВ 8-шағын станция жабдығына, ұзындығы 124,588 км (220кВ), 125,841 км (110 кВ), 31,09 км (10 кВ), 21,08 км (0,4 кВ) әуе желісіне техникалық қызмет көрсету жүргізілетін болады. Сондай-ақ жабдықтарды техникалық тексеру 47-үлестіру пункті және 10/0,4 кВ трансформаторлы шағын станцияда жүргізілетін болады. Бұдан басқа, 110 кВ 4-шағын станцияда жөндеу жоспарлануда – олар «Левобережная», «Көктем», «Школьная», «Киров-2» ШС және 40-үлестіру пункті және 10/0,4 кВ трансформаторлы шағын станциясы.

Инвестициялық бағдарлама аясында үлкен жұмыс жүргізіледі. Мысалы, шағындап электр желілерді қайта құру, тұрғын үйлерде 126-сүйеу шкафтарын: Алматы ауданында-50, Сарыарқа ауданында-50 және Есіл ауданында-26 шкафты ауыстыру жоспарланған. Алматы АЭЖ кешенді-трансформаторлы шағын станциясы үшін 5 және Сарыарқа ауданында 12-үлестіру шкафын орнату жоспарлануда. Бұдан басқа, аса жүктелген моральдық жағынан тозған кешенді-трансформаторлы шағын станциялар Алматы АЭЖ 3-дана, Сарыарқа АЭЖ-5 және Есіл АЭЖ-1 қуаты үлкен кешенді-трансформаторлы шағын станцияға ауыстырылатын болады. 10/0,4 кВ 4-трансформаторлы шағын станцияда 10/0,4 кВ үлестіру қондырғысының жабдықтары ауыстырылатын болады, оның ішінде Алматы АЭЖ-1, Сарыарқа АЭЖ-2, Есіл АЭЖ-1, сондай-ақ ұзындығы 24,811 (10кВ), 10,175 км (0,4кВ), кабель желілері ауыстырылып, 6-релелік қорғаныс терминалына монтаж орындалады.

Және инвестбағдарламада тағы бір маңызды тармақ - әуе кірістерін салмақ түсетін оқшауланған сымдарға (СТОС) жаңартып жеке секторда электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесін(ЭКЕАЖ) енгізу.Жүргізген кешенді шаралар бірқатар басымдықтарға ие: ақпаратты жинау, беру және өңдеу бойынша еңбек шығынын елеулі азайтуға мүмкіндік береді және электр энергиясын тұтынуды жедел басқаруды қамтамасыз етеді, ол оның шығынын қысқартуға мүмкіндік береді және электр энергиясын тиімсіз қолдануды болдырмайды. Бұдан басқа, жаңа жүйенің арқасында әрбір абоненттің энергия тұтынуын анық және жедел есепке алу қамтамасыз етіледі, ұрлау жойылады, сондай-ақ борышқорды дистанциялық ағыту қолданылады. Болашақта ЭКЕАЖ 2 240-есептегішін енгізу жоспарлануда. Бұдан басқа шағын станцияларда, үлестіру пункттерінде және трансформаторлы шағын станцияларда 30-10/0,4 кВ күш беретін трансформатор ауыстыруға ұшырайды, сондай-ақ «ИКИ» шағын станциясын жобалау және қайта құру.

«Астана-АЭК» АҚ жоспарлайтын барлық жөндеу жұмыстары конкурстық негізде жүргізіледі. Мердігер ұйымдарға жоғары талап қойылады, қатысушылар тендерлік өтінімде көрсетілген барлық жұмыс түрін жүргізу үшін лицензиясы болуы тиіс.

Тұтынушылар алдында сапалы электрмен жабдықтау үшін жауапкершілікті түсініп «Астана-АЭК» АҚ мамандары қолданыстағы желілердің жағдайына тұрақты техникалық мониторинг жүргізеді, желінің (тіреулер және тозған сымдар) қай апатты учаскесін ауыстыру, жаңарту, жөндеу және шағын станцияларда жабдықтарда тексеру қажет екенін анықтайды.

«Электр энергиясын беруге тартылған кейбір желі учаскелері және жабдықтар жаңарту және қайта құруды талап етеді. Сондықтан электр жеткізу желісі және шағын станцияларды қысқы жүктемеде жөндеуге дайындау жоспарланған көлемде жүргізіледі, объектілерде барлық жұмыстар қатал кесте бойынша жүргізіледі. Жұмыста іркілістер және артта қалушылық болмайды деп сенемін. Бұдан басқа, біздің кәсіпорынның электротехникалық қызметі мамандарынан әрбір жабдықтың күзгі-қысқы кезеңге дайындығын тексеретін жұмыс тобы құрылды» - деп атап өтті «Астана-АЭК» АҚ бас инженері Абжанов Руслан Төлегенұлы.

Бүгінгі күні жоспарланған 25,6 км 10 кВ әуе желісінің – 3,6 км, жоспарланған 24,81 км 0,4 кВ әуе желісінің 2,66 км күрделі жөндеу орындалды. Болжамды 48-объектінің ішінде 8-үлестіру пункті және трансформаторлы шағын станцияда жабдықтарға күрделі жөндеу жүргізілді. Жоспар бойынша 31,09 км 10кВ желінің 4,84 км және жоспар бойынша 21,28 км 0,4 кВ әуе желісінің 2,62 км техникалық қызмет көрсету орындалды. Жоспар бойынша 47-объектінің 8-үлестіру пункті және трансформаторлы шағын станция жабдықтарына техникалық мониторинг жүргізілді.

Астана қаласының энергетикалық кешеніне күрделі және ағымдағы жөндеу жоспарында көзделген іс-шаралардың толық көлемін ағымдағы жылдың қыркүйек айында аяқтау жоспарлануда.

Басқарма төрағасының блогы







Сайт бойынша іздеу