13.05.2016

Астана қаласында 3-ЖЭО салу мәселесі бойынша жұмыс кеңесі өтті

Ағымдағы жылдың 6 мамырында Астана қаласы әкімінің орынбасары Қосман Айтмұхаметовтың төрағалығымен салынып жатқан 3-ЖЭО (бірінші кезек) аумағында көшпелі кеңес өтті.

Кеңес жұмысына «Астана қаласының Энергетика басқармасы» ММ өкілдері, «Астанаэнергосервис» АҚ Басқарма төрағасы Еркеғали Есенжолов, «Астана-Энергия» АҚ және «ЦКЭМ» АҚ басшылық құрамы қатысты.

Кеңесте объектіні салу бойынша жоспарланған жұмыстар кестесін орындау мәселелері талқыланды. Астана қаласы әкімінің оырнбасары орындалатын жұмыстардың сапасын бағалады және мердігерлерге құрылыстың бекітілген кестесін сақтау қажеттілігін көрсетті. Сондай-ақ, бас мердігер «ЦКЭМ» АҚ атына жаңа энергетика объектісінің құрылысы барысы жөніндегі ескертулер берілді.

Астана қаласында қуаты 480 Гкал/с 3-ЖЭО жаңа энергия көзі құрылысы бірінші кезегінің 2010 жылы басталғанын және 2016 жылы аяқталатыны жоспарлануда екенін атап өтеміз. Жобаның бірінші кезегі құрамында 3-ЖЭО су жылыту қазандығын және барлық инфрақұрылымын салу көзделгеады және мердігерлерге құрылыстың бекітілген кестесін сақтау қажеттілігін көрсетті. Сондай-ақ, бас мердігер «ЦКЭМ» АҚ атынажаңа энергетика объектісінің құрылысы барысы жөніндегі ескертулер берілді.

н. Инфрақұрылым темір жол станциясынан, сыртқы инженерлік желілерден, жылу беру объектілерінен, су дайындығынан, 1-ші көтерілім сорғысынан, әкімшілік ғимараттар мен алаңдағы инженерлік коммуникациялардан тұратын болады.

Басқарма төрағасының блогы







Сайт бойынша іздеу