08.04.2016

БҰҰДБ/ЖЭҚ сарапшыларының «Астанаэнергосервис» АҚ ұсынған энергия үнемдеу үздік тәжірибелері мен тәсілдері

Бүгінгі күні энергетикалық кешен кәсіпорындарының энергетикалық ресурстарға өзіндік қажеттілігін төмендету және тасымалдау кезіндегі шығын мәселелеріне баса назар аударуда, ол тұтынушыларға электр және жылу энергиясын босатуды арттыру, сондай-ақ жаңа тұтынушыларды ЖЭО-ғы қазіргі жылу энергиясына тапшылығы кезінде жаңа тұтынушыларды қосу мүмкіндігін бермекші.

«Астанаэнергосервис» АҚ алға қойған міндеттерін шешу үшін энергоменеджерлердің жұмыс тобы құрылды, оның басты мақсаты компаниялар тобында бірыңғай энергетикалық саясатты енгізу және энергетикалық ресурстарды тұтынуды төмендету мақсатында инновациялық шешімдерді қолдану болып табылады.

2016 жылдың 30 наурызында «Астанаэнергосервис» АҚ БҰҰДБ/ҚР Үкіметінің ЖЭҚ Астана қаласының әкімдігімен бірлесіп Кешенді энергия үнемдеу жоспарын іске асыру бойынша жүргізілетін жұмыстар аясында ұйымдастырылған «Қалада энергия үнемдеуді кешенді жоспарлау: үздік тәжірибелер мен тәсілдер» тақырыбында таныстыру семинары өткен болатын.

БҰҰДБ/ЖЭҚ энергия тиімділігі жөніндегі жобалар сарапшылары, сондай-ақ олардың серіктестері – инжинирингілік және консалтингілік компаниялар «ЭнКом-СТ» ЖШС, «Актино-СКБ» ЖШС (Алматы қ.), «Smart – EX» ЖШС, «PRO ECO» өздерінің қазіргі уақытта орындаған және іске асыратын жобаларының мысалында, «Астанаэнергосервис» АҚ энергоменеджерлерімен оған қалай қол жеткізуге болатынымен бөлісті. Атап айтқанда, заманауи қалада энергия тиімділігін жоспарлаудың негізгі тәсілдерімен, энергия тиімді іс-шараларды іске асыру негіздемелерін әзірлеу туралы, сондай-ақ қаладағы энергия үнемдеу процестерін бақылау және басқару үшін ақпараттық жүйелер туралы.

БҰҰДБ/ЖЭҚ жобаларының энергия тиімділік жөніндегі үйлестірушісі Александр Белый энергия үнемдеуді жоспарлауды ұйымдастырудың жалпы мәселелері туралы айтып берді. Ол жоспарлаудың қаладағы энергия үнемдеудің барлық процестерінің маңызды бастапқы бөлігі болып табылатынын атап өтіп, семинарға қатысушыларға қалалық энергия үнемдеу бағдарламаларын әзірлеудің кезеңді алгоритмі туралы айтып берді.

Қалалық жарықтандырудың бүгінгі күні тұтынылатын электр энергиясының 90% келетінін елдің бәрі біле бермейді. Сондықтан да, БҰҰДБ/ЖЭҚ «Заманауи қаладағы энергия тиімді жарықтандыруды жылжыту» жобасының осы бағыттағы мақсаты – қыздыру шамдарын кезеңмен пайдаланудан шығаруды іске асыруды қоса, елдегі жарықтандыру өнімдері нарығын трансформациялау есебінен энергия үнемдеуге қолжеткізу. Ол туралы және энергия тиімді жарықтандыру саласындағы жаңа технологияларды қолдану туралы осы жобаның сарапшысы Сергей Инютин әңгімелеп берді.

Атап айтқанда, «Астанаэнергосервис» АҚ компаниялары тобының энергия тиімділікті жарықтандыру жүйелері мен аспаптарын ауыстыру жөніндегі жұмыстар 2012 жылы басталды. Энергия тиімді жарықтандыруға толық ауысуды 2016 жылы аяқтау жоспарлануда.

Коммуналдық төлемдерді төмендету, шоттардың ашықтығы және тұтынылған энергия ресурстарының шоттарын қою, әрбір пәтердің ішінде жайлы микроклимат жасау мүмкіндігі бұрындары фантастика болып көрінгенімен, бүгінгі күні – ол мүмкіндік.

Осы мәселенің дайын шешімдерімен: «ЭнКом-СТ» ЖШС директоры Александр Энтин және «Актино-СКБ» ЖШС компаниясының менеджері Илья Соловьев бөлісті.

Александр Энтин Астана қаласындағы ғимараттардың жылу тұтыну жүйелерін қайта жаңарту бойынша практикалық тәжірибе және жекелеген құрамдауыштарды бірыңғай кешенді шешімге біріктіру жолымен диспетчерлеуді енгізу туралы айтып берді. Диспетчерлеу әртүрлі талдау тапсырмаларын орындау және сыртқы ақпараттық жүйелермен өзара іс-қимылды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. «Ақылды» автоматика Сіздің үйіңізге қанша жылу керектігін есептейді және анықтайды және ысырапшылдықтың алдын алады. Мұндай кешенді шешімді пайдалану тұтынуды 35% дейін төмендетеді, ол БҰҰДБ/ЖЭҚ бірқатар жобаларын іске асыру нәтижелері бойынша расталған.

Илья Соловьев «Астана-Теплотранзит» АҚ енгізілген энергия тұтыну есепке алудың ақпараттық жүйесі мен мониторингісін көрнекіледі, ол өзімен Астана қаласының тұрғын ғимараттарының энергия тұтыну, энергия тиімділігі бойынша жинақ ақпаратты, салыстырмалы талдау және есеп өлшемдерін құру процесін қамтамасыз ететін WEB- интерфейстен тұрады. Астананың кез-келген тұрғыны аталған жүйенің көмегімен оның үйінің энергия тиімділігімен танысуы, ағымдағы және өткен жылыту маусымдарындағы оның өзіндік тұтынуының қалай өзгергендігін бағалауы, оны тұтынуды ұқсас үйлермен салыстыруы мүмкін. Жаңа пәтерді сатып алу кезінде тұрғын үй мониторингісін жүргізе алады.

«Астанаэнергосервис» АҚ жоспарында жүйені одан әрі онлайн режимде ақпарат алу және жүйенің мүмкіндіктерін ең төмеңгі деңгейдегі – пәтер бойынша мониторингіге дейін кеңейту мүмкіндігімен интерактивті карта деңгейіне дейін жетілдіру.

Біреу мұны қымбат нәрсе деп айтуы мүмкін және ол сөзсіз шындық болады! Бірақ та, біріншіден, жұмсалған қаражаттың уақыт өткен соң қайтып келетінін, сондай-ақ, Сіздің пәтеріңіздегі жайлы тұруды қамтамасыз ететінін, екіншіден, мемлекеттің тұтынушы үшін энергия үнемдеу іс-шараларын іске асырудың «шығынсыз» қаржылық аспаптарына көзделгенін назарға алған дұрыс.

Ол туралы өзінің баяндамасында «Қазақстандық Мемлекеттік-жеке серіктестік орталығы» АҚ жобаларының басшысы Надира Мырзағалиева және БҰҰДБ/ЖЭҚ жобаларының энергия тиімділік жөніндегі үйлестірушісі Александр Белый айтып берді.

Надира Мырзағалиева қала шаруашылығында энергия және ресурсты үнемдеуді дамыту жөнінде мемлекеттік-жеке серіктестіктің мүмкіндіктері туралы баяндамасында сөз сөйледі.

Александр Белый инвестор өз есебінен энергия үнемдеу іс-шараларын орындаған, ал базалық кезеңге қатысты қол жеткізілген үнемдеу жобаның өтелімпаздығы мерзіміне (5 жылға дейінгі) қол жеткізгенге дейін артқан шығын есебіне жатқызылған кезде, энергосервистік келісімшарттарды іске асырудың табысты тәжірибесімен бөлісті. Тұрғындар жобаның өтелімпаздығы мерзіміне қол жеткізген соң үнемдеуді «өз қалталарына» алады.

Семинар аяқталған соң қатысушылармен «Астанаэнергосервис» АҚ компаниялары тобының және Астана қаласының энергетикалық ресурстары тұтынушыларының энергия тиімділігін арттыру мақсатында одан әрі екіжақты ынтымақтастық жолдары анықталды.

«Астанаэнергосервис» АҚ БҰҰДБ/ЖЭҚ-қа энергия тиімділігі жөніндегі инновациялық шешімдерді іске асырудың табысты тәжірибесін өндіріс пен тұрмыста зерттеу және қолдану мүмкіндігі үшін алғыс айтады.

Басқарма төрағасының блогы







Сайт бойынша іздеу