28.03.2016

Астанада электр энергиясын заңсыз тұтынуға қарсы белсенді күрес жүргізілуде

Электр энергиясын заңсыз тұтынуға қарсы күрес бойынша белсенді жұмыстар аясында «Астана-АЭК» АҚ мамандары астанада жосықсыз тұтынушыларды анықтау жөнінде жүйелі іс-шаралар жүргізеді.

Мысалы, жыл басынан бері электр желісіне рұқсатсыз жалғанған тұтынушыларды анықтау бойынша жұмыс кестесі құрылған болатын. Осы мақсатта астана 24-шартты учаскеге бөлінді, жалпы 1779 объекті болып саналады (жеке және заңды тұлғалар). Тексеру нәтижесінде Электр энергиясын пайдалдану қағидасын бұзу туралы 190-акті құрылған болатын. Бұдан басқа, Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Астана қаласы бойынша аумақтық департаментіне тұлғаларды әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін 10-астам материалдар жолданды.Бас

Электр энергиясын ұрлаушыларды анықтау «Астана-АЭК» АҚ қызметінің басым бағыттарының бірі болып табылады. Компания өкілдері Астана қаласының аудан әкімдіктерімен, жергілікті атқарушы және мемлекеттік органдармен, сондай-ақ көп пәтерлі тұрғын үйлерге қызмет көрсететін ұйымдармен үнемі кездесулер өткізеді. Осындай кездесулер барысында қызмет көрсететін ұйым және ПИК төрағаларымен «Астана-АЭК» АҚ желілеріне және көп қабатты тұрғын үйлердің кірістегі-тарату құрылғыларына рұқсатсыз жалғануға жол бермеу мәселелері, сондай-ақ «Астана-АЭК» АҚ өкілдеріне шартсыз тұтынушыларға электр энергиясын беруді жедел тоқтатуға көмек беруге қатысты мәселелер көтеріледі және талқыланады.

Осындай кездесулердің қорытындысы бойынша қызмет көрсететін ұйымдардың өкілдеріне тек қана құқық белгілейтін құжаттар, техникалық шарттар, энергиямен жабдықтау шарты және т.б. сәйкес құжаттарды ұсынған кезде тұтынушыларды тұрғын үйлердің кірістегі-тарату құрылғысына жалғау тәртібі түсіндірілген болатын.

«Электр энергиясын заңсыз тұтыну және есептеу құралдарының жұмысына араласу заңды бұзу болып табылады. Есепке алынбаған тұтынуға жол берген, оның ішінде электр энергиясын заңсыз қолдану айыбы ашылған барлығына акті беріледі, ол келтірген материалдық шығынды төлеуді міндеттейді», - деп атап өтті электр энергиясын тұтынуды бақылау қызметінің бастығы Денис Неходцев.

Бұдан басқа, электр энергиясын заңсыз тұтыну желіде шамадан тыс жүктемеге әкеледі, ол заңға бағынатын тұтынушыларды электрмен жабдықтауға тікелей ықпал етеді. Тәжірибе көрсеткендей, электр тоғы соғып адамдардың қаза болу оқиғалары электр қондырғыларға заңсыз кіру әрекеті, сондай-ақ электр желілік кешен объектілеріне заңсыз жалғану кезінде жиі болады.

«Астана-АЭК» АҚ астана тұрғындарына гүл сататын және көкөніс павильондары, шина монтаждау пункттері және жылдам тамақтану объектілерінің заңсыз жалғану жағдайында 62-04-34 телефонына, сондай-ақ od@astrec.kz электронды мекенжайына хабарласу өтінішімен жүгінеді.

Басқарма төрағасының блогы







Сайт бойынша іздеу