Тізілім ұстаушысы

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне банк қызметін және қаржы ұйымдарын тәуекелдерді азайту бөлігінде реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес, 2013 жылдың 1 қаңтарынан бастап, бағалы қағаздар тізілім ұстаушылар жүйесін жүргізу бойынша қызметін тек қана «Бағалы қағаздардың бірыңғай тіркеушісі» АҚ жүзеге асыратынын хабарлаймыз.

«Бағалы қағаздардың бірыңғай тіркеушісі» Акционерлік қоғамы (бұдан әрі- Бірыңғай тіркеуші) 28.10.2012 жылғы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банк Төрағасының №171 қаулысының негізінде, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің «Бағалы қағаздардың бірыңғай тіркеушісі» Акционерлік қоғамын құруды мақұлдау туралы» 01.12.2012 жылғы №1 шешімімен құрылды.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау комитетінің 2012 жылдың 25 шілдесіндегі №664/113/4171 хатымен бағалы қағаздарды тізілім ұстаушылар жүйесін, тізілім жүйелерін құрайтын мәліметтер мен құжаттарды жүргізу лицензиясы бар ұйымдардың Бірыңғай тіркеушіге қабылдау- беру кестесін келісілді.

Осы кестеге сәйкес, «Астанаэнергосервис» АҚ мәліметтері «РЕЕСТР» АҚ-мен Бірыңғай тіркеушіге 2012 жылдың 23 қазанынан 23 қарашасына дейін тапсырылады.

Осыған байланысты, «Астанаэнергосервис» АҚ «Бағалы қағаздардың бірыңғай тіркеушісі» АҚ қызметіне көшетінін хабарлайды.

Бағалы қағаздар туралы толық ақпаратты алу үшін «Бағалы қағаздардың бірыңғай тіркеушісі» АҚ -на келесі мекенжай бойынша: 050000, Алматы қаласы, Абылай хан көшесі, 141 үй (Құрманғазы бұрышы), тел.: 8 (727) 272-47-60, тізілім ұстаушы жүйесін жүргізу бойынша фронт офисі: 272-69-40, тізілім ұстаушы жүйесін жүргізу бойынша бэк офисі: 272-69-40, www.tisr.kz. ресми сайтына жүгінуіңізді сұраймыз.

«Бағалы қағаздардың бірыңғай тіркеушісі» АҚ Астана қаласындағы филиалы:

010000, Астана қаласы, Есенберлин көшесі, 14 үй, 2 және 5-ші бөлмелері, тел.: 8(7172) 30-32-13, 8(7172) 38-84-69.

Басқарма төрағасының блогы







Сайт бойынша іздеу