"Астанаэнергосервис" АҚ тарихы

1997 жылы елорданың астанасын көшіру барлық республикамыз үшін екіталай кезеңнің бірі болып табылды. Бұл уақыт үшін осындай маңызды шешім әкімшілік өзгерістерге, мемлекеттің аумақтық тұтастығын нығайтуына ғана емес, сонымен қатар жаңа астананың инфрақұрылымын дамуына мүмкіндік берді. Астанадағы болған жаһандық қайта құрылыс қаланың өмірлік маңызды ресурстармен қамтамасыз ететін көптеген кәсіпорындардың дамуына үлкен әсерін тигізді. Уақыт үрдістеріне сай жұмыс ретін түбегейлі өзгерту, қарқынды даму жоспарларын әзірлеу, сонымен қатар жаңа астана мәртебесі мен деңгейіне тиісті бірыңғай энергетикалық құрылымын құруына объективті алғышарттары пайда болды.

Осығай орай, Астана қаласының әкімдігі тиімді корпоративтік басқаруы үшін жекеленген кәсіпорындарды холдингке біріктірген «Астанаэнергосервис» Акционерлік қоғамы - энергетикалық компаниясын құру бастамасымен шықты. Бүгінгі күнгі жағдай тандалған шешімнің дұрыстығын дәлелдейді.

«Астанаэнергосервис» АҚ 1999 жылдың 7 қаңтарында Астана қаласының Әділет басқармасымен тіркеліп, бүгінде бас қаламызды жылу-, электрмен сенімді және үздіксіз жабдықтауға, Астана қаласының энергия жүйесін сенімді және кәсіпорындардың техникалық жарақтандыруын қамтамасыз етуге бағытталған қызметі өндірістік-экономикалық көрсеткішінің тұрақты өсуі бар динамикалық дамушы холдингі болып табылады.

Жарғыға сәйкес, компанияның негізгі қызмет түрі Астана қаласының келесі энергетикалық кешен кәсіпорындарын басқару болып табылады:

- «Астана-Энергия» АҚ – жылу және электр энегиясын өндіру;

- «Астана-Теплотранзит» АҚ – жылу энергиясын тасымалдау және тарату;

- «Астана-Аймақтық Электржелілік Компания» АҚ – электр энергиясын тасымалдау және тарату;

- «Астанастройэнерго» ЖШС – энергетикалық жабдықтарды жөндеу жұмыстары;

- «Астаниниская ЭнергоСбытовая Компания» ЖШС – электр энергиясымен қамтамасыз ету:

- «Астана-БЕО» - коммуналдық төлемдерді бірыңғай есептеу орталығы («Астаниниская ЭнергоСбытовая Компания» ЖШС еншілес ұйымы)

Холдинг құрамындағы акционерлік қоғамдар табиғи монополиялар субъектісі болып табылады, қызметтері 1998 жылғы 9 шілдедегі №272-I «табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңымен реттеледі.

Энергетикалық кешен кәсіпорындары өз қызметтерін электр және жылу энергияларын өндіру, тасымалдау және тарату, электр жабдықтарын жинақтау және жөндеу, Астана қаласы тұрғындарын электр энергиямен қамтамасыз ету мемлекеттік лицензияларына сәйкес іске асырады.

Бірнеше онжылдық бойы кәсіпорындардың жұмыскерлері қаланы жылу-, электр қуатымен жабдықтау, қызмет көрсету сапасын арттыруы үшін қызмет атқарады. Қазіргі таңда Елордамыздың астанасы миллиондаған электр шамдарымен жарықтандырылғандығы – қаланың көптеген энергетиктер ұрпақтарының зор еңбегі болып табылады.

Компанияның ойластырылған кадрлық саясаты, дәстүрлі әдістер мен көпжылдық тәжірибені қолдануы арқасында ұжым алдында Қазақстанның астана тұтынушыларын сенімді және сапалы энергиялық жабдықтау бойынша алға қойылған мақсаттарын толық жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Миссия

Астана қаласын, оның тұрғындарын, кәсіпорындар мен ұйымдарын тұрақты және тұтыну қалыптарына сәйкес, қол жетімді жылу және электр энергиясымен қамтамасыз ету.

Ұстанымдары

басқару тиімділігі, әділдік, барлық қолданыстағы тәуекелдікті теңгерімділікпен және корпоративтік саясатта энергетикалық кешен кәсіпорындарының ішкі қызығушылығына қарама-қайшы келмеуді қамтамасыз ету.

Міндеттері

  • компания топтарының өндірістік, инвестициялық және жөндеу бағдарламаларын іске асыру;
  • тиімділікті ұлғайту және өндіріс жабдықтарынның жұмысы тәртібін тиімділігі;
  • кәсіби менеджментті басқару;
  • қоршаған ортаға зиянды шығаруды азайту.

Басқарма төрағасының блогы







Сайт бойынша іздеу